13.06.2006, 17:27 2642

Қырғызстан парламенті Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді тағы да толықтыруға жолдады

БІШКЕК. 13-маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді тағы да толықтыруға жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл келісімді бекіту Қырғызстан экономикасына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, деді бүгінгі отырыста Қырғызстан СІМ Аликбек Жексенқұлов. Алайда парламент депутаттарының басым бөлігі құжатта Қырғызстанның мүддесі ескерілмеген деп санайды. Депутаттардың пікірінше, келісімге аймақтағы су-энергетикалық ресурстарды пайдалану, Қырғызстанның жүктерін Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау және еңбек миграциясы жөніндегі мәселелерді енгізу керек.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, келісімге қол қою туралы бастаманы Қырғызстан жағы көтерген. Оған 2003-жылғы 25-желтоқсанда Астанада қол қойылды. Қазақстан бұл келісімді әлдеқашан бекіткен. Қырғызстан парламенті бұл құжатты бұған дейін де бірнеше мәрте қарап, толықтыруға жіберді.

Сонымен бірге Қырғызстан парламенті бүгін Қырғызстан –Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімді де дәйектеуге жолдады. Депутаттардың пікірінше, құжатқа қатысы туындайтын сауал көп. Парламентшілер шекараның даулы тұстарына қатысты мәселені жергілікті жерлерде көзбе-көз танысып, мемлекеттік шекара туралы келісімді бекіту жұмысын күзде қайтадан қолға алмақшы.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны