13.06.2006, 17:11 2775

Қырғызстан парламенті Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау туралы хаттаманы бекітті

БІШКЕК. 13-маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш бүгін Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-ты құру туралы келісімге біріктіру жөніндегі хаттаманы бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Құжатты депутаттарға Қырғызстан СІМ Аликбек Жексенқұлов таныстырды. Оның айтуынша, Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау екі жақты және көп жақты деңгейлердегі әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдау туралы хаттамаға 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны