30.03.2007, 13:10 3314

Қырғызстан парламенті үкімет басшысы қызметіне Алмазбек Атамбаевтың кандидатурасын қарауда

БІШКЕК. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары бүгін үкімет басшысы қызметіне бұрынғы оппозиционер Алмазбек Атамбаевтың кандидатурасын қарауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Депутаттардың өтінішімен бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев парламентте сөз сөйледі. Өз сөзінде ол үкіметті бар-жоғы 2 ай басқарған бұрынғы үкімет басшысы Изім Исабековтың жұмысына жақсы баға берді. Мемлекет басшысы И.Исабековтың білімі мен тәжірибесі үкіметте қолданыс табады дегенге сенім білдірді.

А.Атамбаевты үкімет басшысы қызметіне ұсынуды Қ.Бакиев "оппозицияға қарай жасалған қадам" деп атады.

"Ол өзін беделді демократ әрі нарық білгірі ретінде таныта білді, бұл қызметті ол лайықты атқара алады деп сенемін",- деп мәлімдеді Қырғызстан президенті.

Өз кезегінде А.Атамбаев билік пен оппозиция арасындағы көпір болғысы келетінін атап өтті.

"Мен бұл қадамға елдің бірлігін сақтау үшін барып отырмын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны