27.12.2007, 16:59 3221

Қырғызстан парламенті үкіметтің құрылымын сол күйінде қалдырды

Қырғызстан парламенті үкіметтің құрылымын сол күйінде қалдырды

Бішкек. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның парламент депутаттары премьер-министр Игорь Чудиновтың қазіргі құрылымын сол күйінде қалдыру туралы ұсынысын қолдады. Тиісті шешім парламентарийлердің басым дауыстарымен бүгін қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғыстан Республикасының президенттік әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев үкіметте жаңа кадрлерді тағайындау жөнінде жаңа жарлықтарға қол қойды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, президенттің жарлығымен Қырғызстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Исмаил Исаков, ішкі істер министрі - Болотбек Ногойбаев, сырты істер министрі - Эднан Карабаев, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына- генерал-лейтенант Марат Суталинов тағайындалды

Президент әкімшілігінде хабарлағанындай, жуырда президент үкіметте кадрлерді тағайындауға байланысты тағы да бірнеше жарлықтарға қол қояды. Сонымен жаңа жыл қарсаңында министрлер мен мемлекеттік агенттіктердің жаңа басшыларының аттары белгілі болады. Ал үкімет кабинеті жанындағы комитет басшылары жаңа жылдан кейін анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны