09.11.2006, 10:12 3073

Қырғызстан парламенті жаңа Конституцияны қабылдады

БІШКЕК. 9 қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан Жогорку кенешінің депутатары (парламенттің) өткен түнде жаңа Конституцияны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірінші оқылымда заңның жаңа жобасын қолдап 69 депутаттың 67 дауыс берсе, екінші оқылымда 65 халық қалаулысы мақұлдады. Екі оқылым бірінен кейін бірі өтті. Дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан соң депутаттар бір-бірін құттықтай бастады.

"Реформалар үшін!" оппозициялық қозғалысы жетекшілерінің бірі, депутат Омурбек Текебаев журналистерге мәлімдегеніндей, қазіргі президент пен премьер-министр қызмет мерзімдері аяқталғанша өз орындарында қалады.

Елдің басты заңы қабылданғаннан кейін, 2 қарашадан бері оппозиция өкілдерінің шеруі өтіп жатқан Ала -Тоо алаңында от шашу ұйымдастырылды. Сағат түнгі бір болса да, астана орталығында мыңдаған адам болды. Оппозиция жетекшілері парламент отырысы аяқталғаннан кейін шеруге қатысушылардың қатарына қосылды.

Бүгін Бішкектің орталық алаңында оппозиция жаңа Конституцияның қабылдануына орай үлкен мереке ұйымдастырмақ. Осыдан кейін "Реформа үшін!" қозғалысының шатырлы қалашығы алынады.

Жаңа Конституция қазіргі президенттік басқарудың орнына президенттік- парламенттік басқаруды ұсынады. Конституция елбасы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны