14.04.2008, 17:20 2944

Қырғызстан президенті 17-18 - сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қырғызстан президенті 17-18 - сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті 17-18 - сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 17-18 - сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келеді ", - деді Е. Ашықбаев.

"Қырғызстан президентінің сапарының аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы сәуірде Бішкекке жасаған ресми сапары барысында құрылған жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы өткізіледі", - деді СІМ өкілі.

Мемлекетаралық кеңестің отырысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы Қазақстан президентінің Қырғызстанға ресми сапары кезінде өткізілген.

Е. Ашықбаевтың хабарлауынша, Қырғызстан президентінің сапары қарсаңында, 16-сәуірде екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қырғызстан үкіметаралық бірлескен комиссиясының жетінші отырысы өткізіледі.

Өкілдің айтуынша, сол күні "Бішкек - Астана - Бішкек" тікелей рейсінің алышуы болмақ.

"Сонымен бірге, 16 сәуірде Қазақстан президентінің "Жасыл ел" бағдарламасын қолдау аясында және Астананың 10 жылдығына орай үкіметаралық бірлескен комиссиясының жетінші отырысына қатысушылар Астьанадағы Қырғызстан елшілігінің ғимаратының айналасына Қырғызстаннан арнайы әкелінген 100 ағаш отырғызады", - деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны