12.06.2006, 17:39 2932

Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді

БІШКЕК. 12-маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 5-6-шілдеде мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан сыртқы істер министрі Аликбек Жексенқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

СІМ-нің айтуынша, Қазақстан - Қ.Бакиев президент болып сайланғаннан бері ресми сапармен барғалы отырған осымен үшінші ел.

“Қырғызстан президенті бірінші мемлекеттік сапармен Ресейге, сосын Қытайға барды, енді міне, үшінші ел –Қазақстанға барғалы отыр”,- деді А.Жексенқұлов.
Қазақстан және Қырғызстан мемлекет басшылары экономикалық ынтымақтастық, еңбек көші-қоны және энергетикалық ресурстарды бірлесіп игеру мәселелерін талқылайды.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2005-жылы 344 млн. долларды құрап, 2004-жылғымен салыстырғанда өсім 8,4 процент болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны