27.10.2006, 09:29 2738

Қырғызстан президенті парламентке мерзімнен бұрын таратамын деп сес көрсетті

БИШКЕК. 27 октября. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев парламентті мерзімнен бұрын тарату туралы референдум өткізу мүмкіндігі жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Жалал-Абад облысының тұрғындарымен кездескен Қ. Бакиев, " Егер 20 қарашаға дейін жогорку кенешпен конституциялық реформаларға қатысты ортақ шешімге келмесек, желтоқсан айында мәселе референдумға шығарылады",-деді. "Президент, референдумға парламент мәселесінің де шығарылуы мүмкіндігін жоққа щығармайды",-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қ .Бакиев, осыдан бір ай бұрын парламентке Конституцияға қатысты үш жобаның түскенін айтады. Алайда, осы күнге дейін парламентте ол құжаттар қаралған жоқ, дейді президент. Баспасөз қызметінің айтуынша, елбасы 30 қазанда парламентте, конституциялық реформаға және елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қатысты баяндама жасайтынын хабарлаған.

Қырғызстан заңына сәйкес, президент қазіргі парламентті референдумның нәтижесіне сәйкес мерзімінен бұрын таратып жіберуге құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны