26.01.2007, 19:51 3072

Қырғызстан президенті премьер-министр лауазымына Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Исабековты ұсынды

БІШКЕК. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев үкімет басышысының лауазымына ауыл, су шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрінің міндетін атқарушы Изім Исабековты ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

И. Исабековтың кандидатурасын Қырғызстан парламенті дүйсенбі, 29-қаңтар күні қарауды жоспарлап отыр.

И. Исабеков қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының ауыл, су шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіру министрінің міндетін атқарады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ф.Куловтың басқарған Қырғызстан Республикасының министрлер кабинетінің өз еркімен отставкаға кетуі туралы шешім өткен жылдың 19-желтоқсанында қабылданған болатын. Республиканың үкіметі "жаңаша реформаға жол ашуға тиіспіз" деген. Бірақ, Қырғызстан үкіметінің барлық құрамы жаңа министрлер кабинетін тағайындалғанша өз міндеттерін атқаруға қалған болатын.

18-қаңтарда Қ.Бакиев парламент қарауына Ф. Куловтың кандидатурасын екі рет ұсынған болатын, бірақ ол өзін қолдайтын 38 депутаттың дауысын жинай алмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны