04.07.2006, 15:29 3140

Қырғызстан президенті ресми сапармен елімізге келді

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ресми сапармен елімізге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қырғызстан мемлекет басшысы мінген ұшақ бірнеше минут бұрын Астана әуежпйына келіп қонды, деп хабарлайды еліміздің СІМ.

Иуежайда Қырғызстан президентін ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов қарсы алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қ.Бакиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке және кеңейтілген өкілдер құрамымен кездесулер өткізеді. Тараптар бұл кездесулердің барысында екі мемлекет арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылайды. Қазақстанға ресми сапары барысында Қырғызстан президенті пен Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты тереңдету туралы біріккен декларацияға қол қояды.

Сапар аясында көші-қо нсаласындағы ынтымақтастыққа, кеден заңнамасына, мәдени қарым-қатынастарға, студент алмасу, банк және қаржы саласындағы байланыстарға қатысты 12 құжатқа қол қою жоспарланған.

Қырғызстан президенті сонымен бірге үкімет басшысы Даниал Ахметовпен, мәжіліс төрағасымен және республиканың кәсіпкерлерімен жүздеседі.

Қ.Бакиев “Астана бас жоспары” КМК мен “Бәйтерек” кешенінде болып, Қазақстан Елордасының бас даму жоспарымен танысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны