19.03.2009, 15:22 2612

Қырғызстан президентінің сайлауы 2009 жылғы күзде өтеді

Қырғызстан президентінің сайлауы 2009 жылғы күзде өтеді

Бішкек. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президентінің сайлауы 2009 жылғы күзде өтеді. Қырғызстан Конституциялық сотының осындай шешімін бүгін Қырғызстан Конституциялық сотының төрайымы Светлана Сыдыкова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Конституциялық соттың шешімімен, келесі президент өз қызметіне 2009 жылдың 25 қазанына дейін кірісуге тиіс. Ал сайлауды дәл қашан өткізуді Қырғызстан парламенті анықтауға тиіс. Қырғызстан Конституциялық соты бұл шешімді елдің Ата заңының 2003 жылғы редакциясына сәйкес қабылдады. Сөйтіп президент сайлауы осы күзде өтуге тиіс.

Қырғызстан парламенті депутаттарының айтуынша, Сайлау Кодексінде парламент кезекті президент сайлауын сайлау күніне дейін төрт ай бұрын тағайындайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Құрманбек Бакиев 2005 жылдың 10 шілдесінде Қырғызстан президентіне сайланды. Ағымдағы жылдың 11 ақпанында өткен баспасөз мәслихатында ол Қырғызстан Конституциялық сотының келесі президент сайлауын өткізу жөніндегі кез-келген шешімімен келісетінін мәлімдеген. Ол сонымен бірге жаңа президенттік мерзімге сайлауға түсетінін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны