05.03.2007, 19:08 3214

Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінің қонақтарына арналған қабылдау үйінің құрылысына 6,5 млн АҚШ долларын бөлді

БІШКЕК. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінің қонақтарына арналған қабылдау үйі мен қонақ үйлер құрылысына 250 млн сом (6,5 млн АҚШ доллары) бөлді. Бұл туралы үкімет отырысында Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьер Данияр Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Республика президенті аталмыш іс-шараны өткізуге аса мән беріп отыр",- деді Д. Үсенов. "Изірге 350 млн сом (9 млн АҚШ доллары) бөлінген бюджет бекітілді",- деп хабарлады ол.

Бірінші вице-премердің сөздеріне сүйенсек, Бішкекте ШЫҰ саммитіне дайындық барысында Манас әуежайынан республика астанасына дейінгі жолдарды қайта жөндеуге 50 млн сом (1,3 млн АҚШ доллары) жұмсалады деп жоспарлануда. 25 млн сом шамасындағы қаржы (650 мың АҚШ доллары) негізгі іс-шара өтетін филармония ғимаратын жаңалауға жұмсалмақ. Тағы 25 млн сом (650 мың АҚШ доллары) күзет шараларына, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасының ІІМ қызметкерлерін оқыту мен оларға арналған арнайы техникалар алуға жоспарланып отыр.

Д. Үсенов Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қазіргі күні Бішкекте өтетін ШЫҰ саммитін өткізетін күнді келісу жөніндегі жұмыстар жүргізіп жатқандығын, бұл - 2007 жылдың 16-тамызы екендігін хабарлады.

"ШЫҰ саммиті аясында тек мемлекет басшыларының кездесуі ғана емес, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшыларының кездесуі, ШЫҰ мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыс өтуге тиіс",- деді Д. Үсенов. "ШЫҰ аясындағы банкаралық отырыс пен іскерлік кеңес өткізу мәселелері де дәйектелуже",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны