18.04.2007, 11:00 2787

Қырғызстан СІМ ШЫҰ саммитінде қабылданатын қорытынды құжатты дайындау үстінде

БІШКЕК. 18 сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан СІМ Бішкек декларациясын дайындау үстінде. Құжат Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде қабылданатын болады,-деп хабарлайды Қырғыз республикасының СІМ баспасөз қызметінен.

Министрліктің хабарлауынша, ШЫҰ мүше-елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісін өткізумен байланысты барлық ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазіргі кезде жұмыс тобы ШЫҰ Бішкек саммитінің күн тәртібін дайындап, қол қойылатын құжаттарды жинастыруда.

"Бішкек декларациясы-саяси қорытынды құжатты дайындау ісі мәресіне жетіп келеді. Алдын-ала жасалған бағдарлама мен саммиттің сценариі әзірленді. Қырғызстанның мүдделі министрліктері мен ведомстволарының қатысуымен ұйымдастыру-хаттамалық және маңызды мәселелер шешілу үстінде",-деп хабарлайды Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметінен.

Министрлік ШЫҰ мүше-елдерімен келісімнің жобасын жасады. Ол ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім. Қырғызстанның СІМ ШЫҰ мүше -елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесі мәжілісінің мерзімін келісуге кірісті. Ереже бойынша ол ШЫҰ саммитінен бір ай бұрын өтеді. СІМ кеңесінің аясында ШЫҰ мүше-елдерінің басшылар саммитінде қаралатын күн тәртібі түбегейлі бекітіледі. Сонымен қатар, ел басшылары қол қоятын құжаттардың тізімі жинақталады. ШЫҰ саммиті 2007 жылдың 16 тамызында Бішкекте өтеді деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны