19.06.2008, 19:55 2683

Қырғызстанда 24 - 25 маусымда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі өтеді

Қырғызстанда 24 - 25 маусымда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі өтеді

Бішкек. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 24 - 25 маусымда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн тәртібінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы 2007 жылдың 16 тамызында Бішкекте қол қойылған келісімді жүзеге асыру жоспарын бекіту, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі 2008-2009 жылдардағы мәдени ықпалдастық мәселелері жөніндегі сарапшылық топтың жұмыс жоспары мен ұйымға мүше елдердің өнер фестивалін өткізу тәртібі туралы ережені қарау жоспарланған. Сондай-ақ, осы жылдың 28 тамызында душанбеде өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырсы аясында 4-ші өнер фестиваліне дайындық жайы талқыланады.

Шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрі Султан Раев, Қытайдың мәдениет министрі У Цай, Ресейдің мәдениет министрі Александр Авдеев, Өзбекстан Республикасының мәдениет және спорт істері жөніндегі министрінің орынбасары Бахтиер Сайдуллаев , Тәжікстан мәдениет министрі Мирзошохрух Асрори қатысады.

Кеңес аясында Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл мемлекеттік мәдени-тарихи қорығының көрме залында декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны