09.01.2008, 17:19 3038

Қырғызстанда электр қуатының тарифтері көтеріледі

Қырғызстанда электр қуатының тарифтері көтеріледі

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда электр қуатының тарифтері тағы да көтеріледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Ақылбек Төменбаев құлағдар етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Биылғы жылы сәуір айында электр қуатының тарифтері 30% дейін көтеріледі",- деп хабарлады А. Төменбаев.

А.Төменбаев атап өткеніндей, елде газ, көмір, қара май құнының қымбаттауы электр қуаты бағасының көтерілуіне соқтырды.

Биылғы жылы Өзбекстаннан жіберіліп отырған бір мың текше метр газ құны $145 құраса, былтыр оның бағасы $100 болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны