14.12.2007, 17:27 2942

Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" саяси күрес тәсілдеріне көшуде - Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" саяси күрес тәсілдеріне көшуде - Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бішкек. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда радикалдық-экстремистік "Хизб ут-Тахрир" ұйымы саяси күрес тәсілдеріне көшуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі, Қырғызстан республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Нарында 12 желтоқсанда "Интурист" мейманханасының қасынан жергілікті үш тұрғын ұсталып, олардан үнпарақтар және биліктің демократиялық институттарын қолдамай, қоғамда ислам заңдарын орнықтыруға қолғабыс жасайтын депутаттарға дауыс беруге шақыратын жинақы-табақшалары тәркіленді. Таратылуға дайындалған материалдарына "парламенттің сайлауына қатысудың шариғаттық шарттары" деген мазмұн берілген.

"Үнпарақтар мен бейне-материалдарында діни көзқарастағы жеке саяси партиялардың үгіт-насихаты айтылған", - деп хабарлайды ҚҰҚК баспасөз қызметі. "Мұндай жағдай діни радикалық экстермистік "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының халифатты орнату үшін саяси күрес тәсіліне көшкендігін дәлелдейді", - дейді Қырғызстанның күш құрылымдары.

Мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша, тыйым салынған ұйым белсенділерін құрықтау барысында, олар күшті қарсылық көрсетті. Құқық қорғау офицерлерінің бірі дене жарақатын алды. Бүгінгі күні ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны