Система Orphus

Қырғызстанда пиротехниканы әкелуге, сатуға, пайдалануға толық тыйым салу жоспарланып отыр

21.04.2008, 18:28 2501

Бішкек. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламентінің депутаттары пиротехниканы әкелуге, сатуға, пайдалануға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Халықтық "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Асанбек Байтіков парламенттің талқылауына тиісті заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Парламенттегілердің пікірі бойынша, "мұндай қатаң талаптар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бұзақылықтың алдын алу шараларына байланысты".

А. Байтіковтың ақпараты бойынша "ҚР пиротехниканы пайдалану салдарынан әсіресе жаңа жыл қарсаңында, сертификатталмаған және контрабандалық жолмен әкелініп сатылатын жарылғыш тауарларды қолдануға байланысты жарақаттар саны күрт өсуде".

Халық қалаулысы айтқанындай, "петардтардың жарылыстары мыңдаған адамдардың нерв жүйесін тоздырып, тыныштықта дұрыс дем алуға мүмкіндік бермейді".

"Кіші жарылыстардан әсіресе кішкентай балалар зардап шегуде, тіпті жүйкесі тұрақты ересек адамдардың өздері жарылыстардан бойы түршігеді ", -деп атап өтті заң жобаны дайындаған депутат.

А. Байтіков атап өткеніндей, Ресейде жарылғыш заттар айналымы мен құрамында жарылғыш заттары бар өнімдерге мемлекеттік бақылау орнату және пиротехникалық өнімдерге мемлекеттік бақылау жасау жөнінде заң жобасын дайындап, оны 2008 жылдың қазан айында қарастыру жоспарланған.

Оның мәліметтері бойынша, Қазақстанда азаматтық пиротехникалық өнімдерді сатып алу, оларды сату, өндіру, оларды дайындаудағы қойылатын кәсіби талаптар мен лицензиялық ережелерді бекіту жөнінде үкіметтің қаулысы қабылданды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны