13.07.2010, 10:47 3666

Қырғызстанда Ресейдің екінші әскери базасын салу мәселесі парламент сайлауынан кейін қарастырылады

Қырғызстан өкілі Қырғызстанның оңтүстігінде Ресейдің екінші әскери базасын салу мәселесін осы елдің бұрынғы басшылығы да талқыға салғанын, алайда, ол кезде бұл мәселенің өз жалғасын таппағанын еске салды.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Қырғызстанда Ресейдің екінші әскери базасын салу мәселесін басшылық парламент сайлауынан кейін қарастырады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мәскеуде өткен брифингте Ресей Федерациясындағы Қырғызстан істері бойынша уақытша сенімді өкіл Ұлықбек Чиналиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) АА-не сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан өкілі Қырғызстанның оңтүстігінде Ресейдің екінші әскери базасын салу мәселесін осы елдің бұрынғы басшылығы да талқыға салғанын, алайда, ол кезде бұл мәселенің өз жалғасын таппағанын еске салды.

Ұ. Чиналиев сондай-ақ, Қырғызстанның қарызы есебінен "Дастан" зауытының акцияларын Ресейге беру жөніндегі келіссөздер жалғасуда екенін атап көрсетті. Алғашында, компанияның Қырғызстанға тиесілі 48 пайыздық акциясы Ресейге беріледі деп жоспарланған. Алайда, кейінірек, мемлекетке ол компанияның тек 37 пайызы ғана тиесілі екені анықталып, Қырғызстан өз міндеттемелерін орындай алмаған. Бұл мәселе парламент сайлауынан, үкіметтің тағайындалуынан және билік түбегейлі заңдастырылғаннан кейін ғана шешілуі мүмкін, деп атап көрсетті Ұ. Чиналиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны