09.07.2010, 17:41 3593

Қырғызстанда республиканың оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген шығын көлемі есептелді

"Ош қаласында шығынның жалпы сомасы 2 млрд 200 млн сомды, Ош облысында 351 млн 156 сың сомды, Жалал-Абадта 714 млн 220 мың сомды құраған. Бірақ бұл көрсеткіштер соңғы көрсеткіш емес",- деп хабарлады ТЖМ министрінің орынбасары.

Ош. 9-шілде. Kazakhstan Today алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Ош және Жалал-Абад облыстарындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан Қырғызстанға келген шығын көлемі 3 млрд 265 млн сомды құраған. Бұл туралы бүгін Ош қаласында өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Мукамбет Қасымалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ош қаласында шығынның жалпы сомасы 2 млрд 200 млн сомды, Ош облысында 351 млн 156 сың сомды, Жалал-Абадта 714 млн 220 мың сомды құраған. Бірақ бұл көрсеткіштер соңғы көрсеткіш емес",- деп хабарлады ТЖМ министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, 2010 жылдың 13-маусымы мен 7-шілдесі аралығындағы ТЖМ күшімен қажетті жерге әуе транспортымен жеткізілген гумаитарлық көмектің көлемі 2 мың тоннадан асса, жер көліктерімен 1 тоннадан астам көмек жеткізілген.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ынан 11-не қараған түні Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыс басталған. Қақтығыстар кейіннен Жалал-Абадқа да ұласқан болатын. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде қаза тапқандар саны бүгінгі таңда 300-ден астам адамды құраса, шамамен 2,2 мың адам медициналық жәрдемге жүгінген. Кейбір мәліметтерге сәйкес, қақтығыс салдарынан қайтыс болғандар саны 2 мың адамды құрауы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны