03.04.2008, 18:17 3516

Қырғызстанда сәуірдің басынан жанар- жағар майдың қымбаттауы байқалады

Қырғызстанда сәуірдің басынан жанар- жағар майдың қымбаттауы байқалады

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда сәуір айының басынан жанар- жағар май құнының қайта қымбаттауы байқалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Газпром нефть Азия" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның мұнай өнімдері сатушыларының айтуынша, жанар- жағар майдың құны елде көтеріледі. Өйткені, әлемдік қымбаттаушылық қыспағына төтеп беретін күш жоқ, әрі Қырғызстанда тұтынып отырған отын майдың 90 пайызы Қазақстан мен Ресейден импортталады.

Жанар -жағар май бағасы біртіндеп көтерілмеді. Мысалы, дизельдік отын құны 2-3 сомға(11%) өсті. "Газпромның "жанар-жағар май бекеттері желілерінде 1сәуірден бастап дизельдік отын 28.30 сомға сатыла бастады ( 25,50 сом болған). Ал жанар май бағасы қатты көтерілмеді: АИ 80 маркалы жанар май құны 25.30 дан 25.50 сомға көтерілсе ( 0,8% ұлғайды), АИ-92 маркалы жанар май 27.30 дан 28 сомға өсті (2,6%), АИ-96 жанар май 29 сомнан 30 сомға ұлғайды (3,4%).

"Газпром нефть Азия" компаниясының баспасөз қызметі хабарлағанындай, бағаның шарықтауы әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты болады, бірақ бағалар тағы да өсуі әбден мүмкін.

Ал дизельдік отын бағасының АИ-92 маркалы жанар май құнынан қымбат болуы, өнімді шығаратын зауыттың баға саясаты мен халықаралық жағдайларға байланысты. Сондай-ақ, бағаларды компанияның өзі де орнатады деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

"Біз өнімді Омбы мұнай өңдеу зауытынан алып отырамыз. Олар дизельдік отынды АИ -92 маркалы жанар майдан қымбатқа сатуда. Мұндай баға саясаты немен байланысты екенін біз білмейміз ", -деп ақталды баспасөз қызметінде.

Өнімнің өзіндік құны сатып алу бағасынан, жеткізу шығындарынан, акциздік салығы мен импорттық ҚҚС құралады. Өткен аптаның аяғында шикі мұнай баррелінің құны тағы да шарықтап - $110 өсті. Жалпы жыл басынан бері мұнай құны 16 пайызға көтерілді.

"Бұның бәрі әлемдік мұнай қорының азаюы мен мұнай өнімдерінің баламасының жоқтығы тұрғысында тұтыну көлемі де өсуде. Илемдік мұнай бағаларының қарқындылығы мұнай өңдеу зауыттарының сатып отырған өнім бағасына тікелей әсер етуде. Сарапшылардың пікірі бойынша, Омбының МӨЗ дизель отын бағасы одан әрі көтеріле береді, яғни Қырғызстанның жанар-жағар май нарығындағы баға да өсе береді деген сөз", -деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны