09.11.2006, 15:53 3132

Қырғызстанда жаңа Конституция қабылданды

БІШКЕК. 9 қараша . Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бүгін жаңа Конституцияның жобасына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қол қою рәсімі ҚР үкімет Үйінің Тас сарайында өтті. Салтанатты рәсімге премьер министр Феликс Құлов , парламент спикері Марат Сұлтанов, депутаттар, үкімет мүшелері мен мемлекеттік хатшы Адахан Мадумаров және басқа лауазым иелері қатысты.

Конституцияның жаңа редакциясы президенттік басқарудың орнына президенттік парламенттік басқару жүйесін ұсынады, Елбасының міндеттері қысқарады. Негізгі заңға сәйкес, парламент құрамында 90 депутат болады (қазір олардың саны 75), 50% партия тізімі бойынша ,50% бір мандатты округ бойынша жасақталады. Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ), экономикалық және энергетикалық агенттіктер министрлер кабинетінің бақылауында болады.

Президент жергілікті сот әділдігі істері жөніндегі Ұлттық кеңеспен және парламентпен келісе отырып жергілікті сот судьяларын тағайындайды. Халық қалаулыларының келісімі бойынша президент Есеп палатасының, Ұлттық банктің, Бас прокуратура және Орталық сайлау комиссиясының басшыларын тағайындап қызметтерінен босатуға құқылы.

Үкіметті 50% астам депутаттық мандатқа ие болған партия жасақтайды. Егер ешқандай саяси партия парламент сайлауында 50% дауысқа ие болмаса, президент саяси партияны сайлау барысында жеңіп шыққандардың арасынан өзі белгілеп, Қырғыз республикасының премьер-министрін тағайындауды және үкіметті жасақтау міндетін жүктейді.

Қырғызстан Конституциясының қабылданған жаңа редакциясы- елбасымен оппозиционер депутаттардың ұстанымы арасындағы ымыра. Негізгі заңның жобасы парламент депутаттары бүгін түнде қабылдады.

"Реформа үшін!" оппозициялық қозғалысы талаптарының бірі Конституциялық реформа болатын.

Оппозиция жақтаушылары үстіміздегі жылдың 2 қарашасынан бері орталық алаңда наразылық акциясын ұйымдастырды, 6 қараша күні Қырғызстан парламенті ғимараты маңайында президент Құрманбек Бакиевты қолдаушылар шеру өткізді.

Парламент ҚР жаңа Конституциясын қабылдаған сәттен бастап , оппозиция өкілдері шатырлары мен киіз үйлерін жинастырып, алаңнан тарқай бастады. Алайда, президенттің жақтастары тарқайтын емес. Олар алданып қалдық деп, бұрынғысынша парламентті таратып жіберуді талап етуде, оппозиционер депутаттарды дербес құқықтарынан айырып , қылмыстық іс қозғалсын дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны