24.10.2007, 11:24 1398

Қырғызстанда жаңа Конституция күшіне еніп, парламент сайлауының мерзімі белгіленді

Қырғызстанда жаңа Конституция күшіне еніп, парламент сайлауының мерзімі белгіленді.

Бішкек. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда жаңа Конституция күшіне еніп, парламент сайлауының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"21 қазанда референдумға шығарылған Конституцияның жаңа редакциясының жобасы мен сайлау туралы заңның жаңа редакциясының жобасы республика азаматтарының қолдауына ие болып, қабылданды деп танылды, - деп мәлімдеді Құрманбек Бакиев кеше кешке Бішкекте аталған екі құжатқа қол қою рәсімі кезінде. - Конституцияның жаңа редакциясы демократияға, Қырғызстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға, адам құқығының басымдығын бекітуге жасалған үлкен қадамды паш етеді".

Сонымен бірге 22 қазанда өз жарлығымен парламентті таратып жіберген президент тағы бір жаңа жарлыққа - Жогорку кенеш сайлауын 2007 жылдың 16 желтоқсанында өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

"Біз биыл парламентті партиялық тізім бойынша құра аламыз деп сенемін, ол Қырғызстанда демократиялық принциптерді дамытуға және елдің саяси жүйесін дамытуға көмектеспек", - деді Құрманбек Бакиев.

"Қырғызстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы туралы" заңға Қ. Бакиев салтанатты шара кезінде қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жексенбі күні Қырғызстанда бүкілхалықтық референдум өтіп, онда ел президенті ұсынған жаңа Конституция мен сайлау жөніндегі кодекс жобасы талқыға түсті.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдауға сайлаушылардың 75,04%, немесе 1 млн 851 мың 915 адам дауыс берді. Азаматтардың 3,69% қарсылық білдірді. Сайлау туралы кодекстнің жаңа редакциясы үшін кәмелетттік жасқа жеткен республика азаматтарынан 1 млн 861 мың 440 сайлаушы, немесе 75,45% дауыс берсе, қарсы дауыс бергендер 3,89% болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны