14.06.2010, 16:09 3009

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдіпен белгілі саясаткер ұсталды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалал-Абад облысындағы комендант Қубатбек Байболов, "бұл адамның республикадағы белгілі адам екендігін, оның аты-жөні тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіндігін", айтты.

Бішкек. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанда Жалал-Абад облысындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдіпен белгілі саясаткер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР уақытша үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалал-Абад облысындағы комендант Қубатбек Байболов, "бұл адамның республикадағы белгілі адам екендігін, оның аты-жөні тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіндігін", айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін мойындап отыр. "Ол облыстағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар жекелеген белгілі тұлғалардың аттарын да атады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны