28.04.2008, 13:48 2757

Қырғызстанда жазғы кезеңде электр қуатының 25 % үнемдеу жоспарланып отыр

Қырғызстанда жазғы кезеңде электр қуатының 25 % үнемдеу жоспарланып отыр

Бішкек. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда алдағы қысты өткізу үшін жазғы маусымда электр қуатының 25 % үнемдеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің басшысы Игорь Чудинов облыс губернаторларының қатысуымен өткен көшпелі жиналыс қорытындысы бойынша журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қырғызстанда алдағы қысты өткізу үшін жазғы кезеңде электр қуатының 25 % үнемдеу қажеті ", - деді И. Чудинов.

"Біз Тоқтағұл ГЭС жағдайын білеміз, бүгінде ондағы су көлемі 6,5 млрд текше метрді құрайды. Ал құйылып жатқан су тәулігіне 230 текше метрді құрайды, бұл өткен жылғыдан 2,5 есеге кем. Осының бәрі 2008 жылы біздер үшін ауыр кезеңнің болатындығын көрсетеді", - деп атап өтті үкімет басшысы.

Оның сөздері бойынша, 2008 жылы су қоймасына 9 млрд текше метр су келген. Оның жартысы республика халқының электр қуаты сұранысына жұмсалады. Елді электр қуатымен толық көлемде қамтамасыз ету үшін 11 млрд текше метр су қажет.

"Экспортқа шығарылатын электр қуаты жоқ. Осы күнге дейін аймақтағы мемлекеттер арасында төрт жақты келісім-шартқа қол қойылмады. Біз бүгінгі күні Тәжікстаннан республикаға 350 млн кВт-сағатты тасымалдау жөнінде келіссөздерді жүргізіп отырмыз. Жағдайымыз келгенде біз оларға бұл көлемді қайтарып беретін боламыз ", -деп толықтырды И. Чудинов.

Оның сөздері бойынша энергетиктер бүгінде электр қуатын үнемдеудің жаңа жоспарын дайындап жатыр. Қазіргі кезде біз өзімізге қажетті көлемде электр қуатын өндіре аламыз, бірақ қыста еліміз сусыз қалады. Біз алдағы қыс кезеңіне 350 МВт электр қуатын шығаратын Бішкек ТЭЦ 14 қазандығын дайындау міндетін орындауымыз керек ", - деп хабарлады қырғызстанның премьер-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны