20.05.2010, 12:05 2161

Қырғызстандағы ахуал Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Ташкентте өтетін сыртқы істер министрлерінің отырысындағы бір басты тақырыпқа айналады

Қырғызстандағы ахуал Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Ташкентте өтетін сыртқы істер министрлерінің отырысындағы бір басты тақырыпқа айналады

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы ахуал Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Ташкентте 22 мамырда Өзбекстанның төрағалығымен өтетін сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысындағы бір басты тақырыпқа айналады. Бұл туралы РФ СІМ-нің ресми өкілі Андрей Нестеренко кеше мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымының негізін қалаушы елдердің бірі - Қырғызстандағы ахуал Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықта аса маңызға ие. Сол себепті Қырғызстандық серіктестерге Шанхай ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша қажетті қолдау көрсету шаралары талқыланады деп жоспарлануда", -деді А. Нестеренко.

Оның айтуынша, "бұған дейін қабылданған тәжірибеге сәйкес, сонымен бірге кездесуге қатысушылар 2010 жылдың маусым айында Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері мемлекет басшылары кеңесінің отырысына дайындық мәселесіне де баса назар аударатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны