14.05.2010, 10:40 1833

Қырғызстандағы Беларусь елшісі Минскіге консультациялар үшін кері шақырып алынды

Қырғызстандағы Беларусь елшісі Минскіге консультациялар үшін кері шақырып алынды

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы Беларусь елшісі Виктор Денисенко Минскіге консультациялар үшін кері шақырып алынды, ал елшілік қызметкерлері СІМ орталық аппаратының қарамағына іссаппарға жіберілді. Бұл туралы Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Савиных мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл - бұл уақытша сипаттағы мәжбүрлі шара. "Біз бұл қадамға қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығына төнген қатерге байланысты бардық", - деді СІМ өкілі. Оның айтуынша, қатер бақылаудан тыс экстремистік топтар тарапынан туындап отыр.

Жағдай тұрақтана сала Беларусь дипломаттары өздері тағайындалып жіберілген елдегі міндеттерін атқаруға кіріседі. А. Савиных елшіні шақырып алу туралы шешім қауіпсіздіктен өзге ешқандай да фактормен байланыссыз деп тағы бір рет атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны