16.04.2010, 15:33 2709

Қырғызстандағы Қазақстан елшісі уақытша үкіметтің төрайымына Бакиевтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеменің түпнұсқасын табыс етті

Қырғызстандағы Қазақстан елшісі уақытша үкіметтің төрайымына Бакиевтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеменің түпнұсқасын табыс етті

Бішкек. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстандағы Қазақстан елшісі уақытша үкіметтің төрайымы Роза Отунбаеваға Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеменің түпнұсқасын табыс етті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның уақытша үкіметі аппаратының жетекшісі Эдиль Байсалов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін таңертең Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаева Қырғызстандағы Қазақстан елшісімен және Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығының жетекшісімен кездесті, олар оған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеменің түпнұсқасын табыс етті ", - деді Э. Байсалов.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Қ. Бакиев Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты Ан-26 ұшағымен Қырғызстанды тастап шықты. Ол сонымен қатар Қ.Бакиевтің Қырғызстаннан шығуы ЕҚЫҰ, ЕО, БҰҰ мен әлемдік державалардың басшыларының араласуымен жүзеге асырылды деп атап өтті.

"Бұл халықаралық деңгейде жоспарланған және келісілген науқан болды", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны