16.06.2010, 09:54 1515

Қырғызстаннан қашқан 100 мыңдай босқын Өзбекстан шекарасында жиналып қалды

РБК мәліметтеріне сүйенсек, босқындардың көбі әйелдер, балалар мен қарттар. Олардың көбісі жаралы, деп хабарлады Associated Press ҚР өзбек қауымының көшбасшыларының біріне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстаннан қашқан 100 мыңдай босқын Өзбекстан шекарасында жиналып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" РАА (РБК) сілтеме жасай отырып.

РБК мәліметтеріне сүйенсек, босқындардың көбі әйелдер, балалар мен қарттар. Олардың көбісі жаралы, деп хабарлады Associated Press ҚР өзбек қауымының көшбасшыларының біріне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, өзбектің билік өкілдері Қырғызстаннан ауып келген 45 мың босқынды ресми тіркеген.

Естеріңізге сала кетсек Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болғандар саны 170 жеткен болатын.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 170 адамның 94 Ош облысында мерт болса, 43 Жалал-Абадта көз жұмған. "Олардың барлығы медициналық мекемеде тіркелгендер",- деп атап өтті министрліктегілер. Медициналық көмекке жүгінгендер саны 1 мың 762 адам болса, оның 826 ауруханаға жатқызылып, 798 амбулаторлық көмек көрсетліген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер босқындарға да көмек көрсетіп бағуда.

Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын.

Бішкекте өткен шұғыл баспасөз мәслихатында Роза Отунбаева Ош облысындағы жағдай бақылаудан шығып кеткендігін мәлім еткен болатын. Ол қаза болғандардың саны Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтерімен салыстырғанда әлдеқайда көп екендігін айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны