12.03.2007, 18:54 2941

Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызы қайтадан парламент депутаттығына сайлауға түседі

БІШКЕК. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызы Бермет Ақаева республика парламентінің депуттатығына үміткер ретінде тіркелу үшін құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, № 57 Кемин сайлау округі бойынша 8 адам, оның ішінде бұрынғы президенттің қызы дауысқа түседі. Б. Ақаева жұмыс орны ретінде "Саяси класс" журналының бас редакторының кеңесшісі" деп көрсеткен.

Бұрынғы мемлекет басшысының қызы өз ағасы Айдар Ақаевтың 2005 жылдың ақпан-наурыз айларында парламент депутаты болып сайланған округ бойынша өзін өзі ұсыну жолымен сайлауға түспек. Бермет Ақаеваның өзі де өткен парламент сайлауында № 1 Университеттік округ бойынша депутат болып сайланған болатын. Бірақ, республикада басшылық ауысқаннан кейін бұрынғы президент Асқар Ақаев пен оның отбасы мүшелері республиканы тастап шығып, ал бұрынғы мемлекет басшысының балалары депутаттық өкілеттіліктен айрылған болатын. Содан бері Қырғызстанға тек Бермет Ақаева ғана келген, ал отбасының басқа мүшелері республика аумағында болу қаупті деп санайды.

Қазір депуттаттар әртүрлі себептерге байланысты өздерінің өкілеттілігінен айрылған округтер бойынша қосымша сайлау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны