03.12.2009, 17:48 2945

Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды

Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды

Алматы. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Мұратбек Иманалиев Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

М. Иманалиевтің кандидатурасын Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше барлық мемлекеттердің ресми өкілдері мақұлдады.

Жаңадан тағайындалған бас хатшы 2010 жылдың қаңтарында өз міндетін атқаруға кіріседі.

М. Иманалиев 1956 жылдың 25 ақпанында Фрунзе қаласында туған. 1978 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын бітірген, тарихшы-шығыстанушы, қытай тілінің референт-тәржімашысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны