14.02.2007, 17:00 3010

Қырғызстанның экс-премьері Кулов оппозицияға кетпек

БІШКЕК. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов оппозицияға кетпек. Бұл туралы ол бүгін журналистер, парламент мүшелері, қоғам және саяси қайраткерлердің алдында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен өзіміз қарсы тұрмаған жағдайда елімізді апатқа алып келетін нақты қауіп-қатерлермен күресуге мәжбүрмін және күресуге міндеттімін", - деп түсіндірді өз шешімін Ф. Кулов.

Бұрынғы үкімет басшысы "телеарналардың көбісі бір отбасына жақын адамдардың бақылауына өтіп кеткендігін" атап өтті. Феликс Куловтың пікірінше, қазіргі уақытта Қырғыстанда билік пен саясат қылмыстың шылауына ілігіп отыр. Үкіметтің бұрынғы басшысы өзін жақтайтын адамдарға қастандық жасауға дайындалып жатқандығы туралы ақпараттың бар екендігін хабарлады.

Ф. Кулов өзінің сайлау алдында президент Құрманбек Бакиевпен құрған одағының осалдығы мен орнықсыздығы туралы өзіне талай мәрте ескерткендігін мойындады. "Мен бұл туралы ойламауға тырыстым",- деп түсіндірді бұрынғы үкімет басшысы. "Ту сыртыңнан соққыны күте отырып жұмыс істеу - бұл дұрыс емес, және оның рас екенін білу, бірақ солай екен деп бұғып қалуға болмайтын еді ",- деді ол.

Ф. Куловтың сөздеріне сүйенсек, "көп жағдайда оған тіпті игі мақсат үшін болса да текетіреске бару дұрыс па, әлде, ел ішіндегі тұрақтылық пен оның шетелдердегі беделі маңызды ма дегенді ұдайы таразылауға тура келген".

"Осындай жағдайда мен тасадан қадағалаушы ролін атқара алмаймын, сол себепті мен бір ғана "Ар-Намыс" саяси партиясының аясында шектеліп қалмай, бытырау-тарау күй кешіп отырған, бірақ, рухы бір қоғамдық-саяси күштерді біріктіріп басқару туралы шешім қабылдадым", - деп мәлімдеді бүгін Ф. Кулов. "Бұл менің тек оппозиция қатарына көшкенімді ғана білдірмейді, бұл менің барлық саналы адамдар қарсы тұратын дүниелерге қарсы шығуға бел байлағанымды меңзейді", - деді ол.

Бұл В.Куловтың өткен жылғы желтоқсан айында қызметтен кеткеннен кейін жұртшылық алдына бірінші рет шығуы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны