Қырғызстанның оңтүстігінде 20 мерген ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар
Алматы. 23-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі Қырғызстанның оңтүстігінде 20 мерген ұстады, олардың жетеуі шетелдік азаматтар. Бұл туралы кеше ҚР МҰҚҚ бастығының міндетін атқарушы Кенешбек Душебаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.
К. Душебаев ұсталған шетелдіктер нақты қай мемлекеттің азаматтары екендігін нақты айтпады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған азаматтардың жаппай тәртіпсіздік пен адам өлтіру фактілеріне қаншалықты қатысы бар екендігі анықталуда. "Қазір мұнымен тергеу мекемелері айналысуда. Біз әлі олардың кінәларын дәлелдеуіміз керек",- деп атап өтті К. Душебаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.