24.06.2010, 16:01 2733

Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаларға ӨИҚ және ЖИО халықаралық лаңкестік ұйымдарының қатысы бар

Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаларға ӨИҚ және ЖИО халықаралық лаңкестік ұйымдарының қатысы бар

Бішкек. 24-маусым. Kazakhstan Today Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғаларға Өзбек ислам қозғалысы мен Жақид ислам одағының халықаралық лаңкестік ұйымдарының қатысы бар. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы Кенешбек Душебаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Оның айтуынша, басты ұйымдастырушы бұрынғы президенттің ұлы Максим Бакиев. "Үстіміздегі жылдың сәуір айында соның бастамасымен Дубайда ӨИҚ эмиссарларымен кездесу өткен. Осыдан кейін мамыр айының басында ауған аумағында Бахорак қаласында Талибан қозғалысының, ӨИҚ, біріккен тәжік оппозицияларының эмиссарлары мен далалық колбасшыларының, Абдулло молда мен Бакиевтер отбасының екі мүшесінің қатысуымен жиналыс өтіп, Қырғызстандағы ахуалды тұрақсыздандыру мақсатында ӨИҚ көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізген. Осы мақсаттарға Бакеев 30 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы беруге уәде берген",- деп хабарлады К. Душебаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Қазіргі уақытта ахуал тұрақталған. Қырғызстанның оңтүстігіндегі қанды оқиғадан қаза тапқандардың саны 251 адамға жеткен, 2,2 мыңға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңға дейін жетіп жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны