14.06.2010, 14:29 2719

Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар саны 114 адамға жетті

"24.kg" хабарлауынша, медициналық көмекк 1423 адам жүгінген. Стационарлық емдеуге 754 адам жатқызылып, 561 адам амбулаторлық көмек алған

Бішкек. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар саны 114 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "24.kg" АА сілтеме жасай отырып.

"24.kg" хабарлауынша, медициналық көмекк 1423 адам жүгінген. Стационарлық емдеуге 754 адам жатқызылып, 561 адам амбулаторлық көмек алған

Ош облысында қайтыс болғандар саны 92, медициналық көмекке жүгінгендер саны 1156 жеткен. 661 адам ауруханаға жатқызылса, 403 амбулаторлық көмек көрсетілген.

Джалал-Абад облысында қайтыс болғандар саны 22, медициналық көмекке жүгінгендер саны 267 жеткен. 103 адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны