11.06.2010, 18:36 2596

Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар саны 26 адамға жетті

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Ош облысында 26 адам мерт болған. Ауруханаға 454 адам келген. "Стационарлық емдеуге 246 адам жатқызылып, 139 адам амбулаторлық көмек алған, ал 43 адамның жағдайы нашар",- деп хабарлады денсаулық министрлігінен.

Бішкек. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан көз жұмғандар саны 26 адамға, зардап шеккендер саны 454 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Ош облысында 26 адам мерт болған. Ауруханаға 454 адам келген. "Стационарлық емдеуге 246 адам жатқызылып, 139 адам амбулаторлық көмек алған, ал 43 адамның жағдайы нашар",- деп хабарлады денсаулық министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, Ош қаласы мен Қырғызстанның оңтүстігіндегі бірқатар елді-мекендерде төтенше жағдай енгізілген болатын

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай Ош және Үзген қалаларында, сонымен қатар Ош облысының Қарасу және Араван аудандарында төтенше жағдай режімі енгізіген. Қырғызстанның уақытша үкіеті мұндай шешімді маусымның 10-нан 11-не қараған түні елдің оңтүстігіндегі ахуалға байланысты өткен жедел отырысында қабылдаған.

Төтенше жағдайлар режімі 11 маусымның 02.00 енгізілді. Төтенше жағдай 20-маусымға дейін созылады.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ош қаласында маусымның 10-нан 11-не қараған түні орын алған тәртіпсіздік кезінде кемінде 4 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алған. Қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты деген күдікпен 5 адам ұсталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны