30.06.2010, 11:13 3637

Қырғызстанның Ош облысында спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды

"24.kg" агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанның Ош облысының комендантының бұйрығымен 2010 жылдың 10 тамызына дейін төтенше жағдай жарияланған аумақ шеңберінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынған.

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Қырғызстанның Ош облысының комендантының бұйрығымен 2010 жылдың 10 тамызына дейін төтенше жағдай жарияланған аумақ шеңберінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды. Дүйсенбіде өңір коменданты Курсан Асанов осындай шешімді жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "24.kg" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"24.kg" агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанның Ош облысының комендантының бұйрығымен 2010 жылдың 10 тамызына дейін төтенше жағдай жарияланған аумақ шеңберінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынған.

Өңірлік комендатураның хабарлағанындай, мұндай шешім жергілікті халықпен қатар, қақтығыстар орын алуы ықтимал аймақтарды қадағалайтын милиция қызметкерлерінің де көптеген өтініштеріне сәйкес қабылданған.

К. Асанов сонымен бірге, оңтүстік астана мен Ош облысында тәртіптің қалпына келуімен айналысып жатқан милиция органдарының жеке құрамын "заң бұзған немесе босқындармен, зардап шегушілермен қатаң қатынасқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне тек жеке жауапкершілік жүктелмейтінін, сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілік артылатынын қатаң ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат Жалал-Абад облысында, Ош облысының Ош және Үзген қалалары мен Қара-Сууй және Араван аудандарында 2010 жылдың 27 маусымынан бастап ұзартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны