Система Orphus

Қырғызстанның парламентшілері президенттің отставкаға кетуін қайтадан талап етуде

17.09.2007, 17:48 2662

Бішкек. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламентінің (жогорку кенештің) депутаттары президенттің отставкаға кетуін қайтадан талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Бішкектен.

"Демократиялық елдерде егер президенттік Конституция күшін жойса, онда президент отставкаға кетуге тиіс",- деп мәлім етті депутат Мұратбек Мұқашев дүйсенбіде өткен парламент отырысында.

Депутат, Конституциялық соттың Қырғызстан Конституциясының соңғы екі редакциясын заңсыз деп тануы туралы шешімі президент Құрманбек Бакиевтің өкілеттілігін одан әрі күшейтуі мүмкін екендігіне алаңдаушылығын танытты. "Жаңа Конституция қабылдау Бакиевтің келесі мерзімге дауысқа түсуіне мүмкіндік береді деп есептелмей ме?",- деді М. Мұқашев.

Ол әріптестеріне бүгінгі жоспарланған мәселені талқылауда тоқтата тұрып, Конституциялық соттың соңғы шешімін талқылауды ұсынды.

Депутат Өмірбек Текебаев өз кезегінде, Қырғызстанның Конституциялық сотының көптеген судьялары жаңа Конституция бойынша сайланған, сондықтан олардың шешімдерінің заңдылығына күдіктенемін, деп атап өтті.

"Егер олар алдыңғы Негізгі заң жобасын жарамсыз деп таныса, олардың жүргізіп отырған жұмыстары мен мәртебесі қаншалықты заңды?",- деген сауал қойды ол парламенттегі әріптестеріне.

Қырғыз парламентінің спикері Марат Сұлтанов, Қырғызстанның Конституциялық сотының шешімі соңғы шешім болып табылатындығын және шағымдануға жатпайтындығын, бірақ депутаттардың бұл шешімге заңды баға бере алатындықтарын атап көрсетті.

Республика Конституциясының соңғы редакциясының күшін жоюға қатысты ұзаққа созылған дау-дамайлардан кейін депутаттар өз жұмыстарын сейсенбіге, 18-қыркүйекке ауыстырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, жұма- 14-қыркүйекте, Қырғызстанның Конституциялық соты республикаға 2003 жылғы Конституцияны қайтарған болатын. Оған елдің Негізгі заңына енгізілген соңғы түзетулердің бүлікхалықтық референдумнан өтпей енгізілгендігі мен Конституциялық соттың қорытындысы негіз болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

Ең көп оқылғаны