19.09.2007, 16:17 2962

Қырғызстанның президенті өзінің партиясын құрмақшы

Қырғызстанның президенті өзінің партиясын құрмақшы.

Бішкек. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев өзінің партиясын құрмақшы.

"Мен жаңа саяси партия - жасампаз партия, жауапты партия, іс-әрекеттер партиясын құрып, қолдауға шешім қабылдадым",- деп мәлім етті бүгін мемлекет басшысы Қырғызстан халқына арнаған жолдауында , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Құрманбек Бакиев партияның нақты атауын атамады, бірақ ол оның көмегімен Қырғызстанды "халық орташа әлемдік кірісі бар, демократиялық дамыған елдер қатарына" бастайтын міндеттерді атқармақ ниетте екендігін атап өтті.

Қырғызстанның елбасы, ұзақ уақыттан бері саяси партияларға қатысты бейтарап көзқарас ұстанып жүргендігін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, ол қандай да бір саяси күш оның идеяларын қолдайды, ал коалициондық негізде құрылған үкімет оларды жүзеге асыра алады, деп үміттенген. "Мен қазіргі партиялардың елдегі жағдай үшін жауапкершілікті өздеріне жүктеп алмайтындығын және тек биліктің қателіктерін сынап-мінеумен ғана айналысатындығын көріп отырмын",- деп атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны