22.08.2012, 16:42 2985

Қырғызстанның тезірек Кеден одағына кіргенін қалаймыз

Қырғызстанның тезірек Кеден одағына кіргенін қалаймыз, - деп мәлім етті бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін.

Бішкек. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның тезірек Кеден одағына кіргенін қалаймыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қырғызстанның тезірек Кеден одағына кіргенін қалаймыз, - деп мәлім етті бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін.

"Бүкіл Еуропа қиын жағдайда. Қазіргі уақытта еуропалық банктерден инвестиция күту мүмкін емес. Солардың өздерінде де жағдай осындай. Американдық банктер де бере алмайды. Сондықтан да бұл жердегі өзара көмек - ең басты мәселе. Біз Қырғызстанның тезірек Кеден одағының мүшесі болғандығын қалаймыз. Сонда барлық мәселелер жеңіл шешіледі", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, сөз соңында Елбасы елде тыныштық орнап, басшыларға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігіне назар аудартты. "Барлық қырғыз халқы бір үкіметтің, бір басшының төңірегіне топталмаса, ештеңе болмайды. Мемлекеттер жерінің көлемімен үлкен болмайды, сол жерде жұмыс істейтін адамдарымен үлкен. Мәселен, Шыңғыс Айтматовты кім білмейді. Сол арқылы қырғызды біледі. Сол сияқты, өзіңіз айтқандай, Олимпиада чемпиондары қазақтың жалауын 7 рет көтеріп, әнұранын ойнатқанда, Қазақтың әнұраны Лондонда брендке айналды", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны