15.06.2010, 11:52 2902

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп соқтырған көтерілісті бастаушылардың бірі құрықталды

"П. Рахманов - Бакиевтер отбасының серіктесі және досы - сәуір, мамыр және маусым айларындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың бірі",- деп хабарлайды "24.kg".

Алматы. 15-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Жалал-Абад облысында бейбіт тұрғындардың өліміне әкеп соқтырған көтерілісті бастаушылардың бірі, "Ақ Жол" партиясының мүшесі Пайзуллабек Рахманов құрықталды. Бұл туралы оңтүстіктегі арнайы өкілдер штабындағылар мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "24.kg" АА сілтеме жасай отырып.

"П. Рахманов - Бакиевтер отбасының серіктесі және досы - сәуір, мамыр және маусым айларындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың бірі",- деп хабарлайды "24.kg".

"Бұрынғы шенеунік өз кінәсін мойындап, сценариді кімнің қалай дайындағандығы туралы айтуда",- деп хабарлады ақпарат көзі.

Штабтағылардың айтуынша, ұсталған азаматтың өз кінәсін мойындауымен қатар Қырғызстанда орын алған жағдайға Құрманбек Бакиевтің жақын ағайындарының қатысы бар екендігі туралы жеткілікті дәлелдер де бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Ош және Жалал-Абад облыстарында елде көз жұмғандардың саны 170 адамға жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны