07.12.2007, 16:03 2866

Қырғызтан 2008 жылы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына дайындық жұмыстарын бастап кетті - сарапшы

Қырғызтан 2008 жылы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына дайындық жұмыстарын бастап кетті - сарапшы

Бішкек. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызтанда 16-желтоқсанда өтетін парламент сайлауы - республикадағы түбегейлі өзгерістің бастамасы, деп санайды Саясаттанушылар қауымдастығының төрағасы Нұр Омаров.

Оның пайымдауынша, келесі кезең Министрлер кабинетін құру, ал одан кейін үкіметтің құрылымдық өзгеруі болады. "Үкіметте маңызды құрылымдық өзгеріс болады деп жоспарлануда. Министрлер санын екі есеге азайтып, жаңа мекеме құру көзделген",- деп хабарлады агенттік тілшісіне Н. Омаров.

Оның пайымдауынша, бұл өзгерістер мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге бағытталған. Саясаттанушының пікіріне сүйенсек, істің бұлай өрбуі Конституцияға сәйкес президент сайлауы 2010 жылы өтетін болса, елде жаппай тоқыраушылық орнап, Бакиевтің билікті ұстап қалуы өте қиынға соғады. "Сондықтан да келер жылы 2008 жылдың жазында мерзімінен бұрын сайлау өткізуге себеп табылатын болады, Бакиевті жақтайтын парламент мұны заңмен бекітіп, президенттің өкілеттілік мерзімін 5-тен 7 жылаға дейін ұзартуы мүмкін",- деп атап өтті сарапшы. Осы өзгерістер жүзеге асырылған жағдайда Құрманбек Бакиев билік басында тағы 14 жыл, яғни 2015 жылға дейін қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны