07.08.2006, 18:09 3464

Қыркүйекте Сингапурлық кәсіпкерлер елімізге келмекші

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен аптада Сингапурда осы елдің бір топ кәсіпкерлерінің Қазақстанға келетін сауда миссиясының ресми тұсаукесері өткізілді. Миссия өкілдері 10-16-қыркүйекте елімізге келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, шараны Қазақстан Республикасының Сингапурдағы дипломатиялық миссиясы Сингапурдың өнеркәсіпшілерінің Федерациясымен және Сингапур сауда және индустрия министрлігінің сыртқы сауда бөлімімен бірлесе ұйымдастырды.

І.Омаровтың айтуынша, тұсаукесер барысында "Сингапурдың іскерлік бірлестіктері мен компанияларының өкілдері осы ел кәсіпкерлерінің алдағы уақытқа Алматы мен Астанаға межеленген сапары екі жақты қарым-қатынастардың дами түскеніне дәлел болатынын атап өтті". Бұл сапар Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін береді дегенге сенім білдіреміз, деді өкілдер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны