11.09.2006, 18:26 3479

Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысының Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің аяғына межеленген Оңтүстік Корея үкімет басшысы Хан Мен Суктың Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді, онда Оңтүстік Кореяның телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жаңаша мүмкіндіктерінің тұсаукесері жасалады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Корея үкімет басшысының сапары барысында еліміздің саяси басшылығымен кездесулер өткізіледі",- деді Е.Ашықбаев.

"Сапар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы белсенді саяси диалогты одан әрі жалғастыруға бағытталады. Оның негізі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Корея республикасына 2003-жылы, Корея Республикасының президенті Но Му Хеннің Қазақстанға 2004-жылы жасаған сапарлары кезінде қаланды",- деді СІМ өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-24-қыркүйекте республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың шақыруымен Корея үкімет басшысы Хан Мен Сук елімізге ресми сапармен келеді.

"Бұл Корея үкімет басшысы деңгейінде Қазақстанға жасалатын тұңғыш сапар",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны