05.10.2009, 16:38 3665

Кишиневте 9 қазанда ТМД үкімет басшыларының отырысы өтеді - ҚР СІМ

Кишиневте 9 қазанда ТМД үкімет басшыларының отырысы өтеді - ҚР СІМ

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Кишиневте 9 қазанда ТМД үкімет басшыларының отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыс барысында қатысушылар қаржы-экономикалық дағдарыс салдарына қарсы ортақ шаралар қабылдау, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығын атап өту және осыған қатысты әлемдік қауымдастыққа және ТМД-ға мүше елдер халқына арналған Үндеу және 2010 жылды ТМД кеңістігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері жылы деп атау туралы шешім қабылдау мәселелерін қарастырмақ.
Сондай-ақ, ҚР СІМ хабарлауынша, 8 қазанда Кишинев қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев бастаған қазақстандық делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Кеңес күн тәртібінде ТМД жұмысын жетілдіру, ынтымақтастықтың келісім-шарттық негізін инвентаризациялау, ТМД құрылымдары шешімдерінің жүзеге асыру сынды 20-дан аса мәселелер қаралады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны