09.10.2009, 15:37 15994

Кишиневте ТМД саммиті басталды

Кишиневте ТМД саммиті басталды

Алматы. 9 қазан. Kazakhstan Today - Кишиневтегі Республика сарайында ТМД саммиті басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, саммитте Достастық елдерінің қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған бірлескен іс-әрекеттері, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығын тойлауға дайындық жайы талқыланады.

Агенттіктің хабарлауынша, саммитке алты мемлекет басшысы (Изербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Украина), бір президенттің міндетін атқарушы (Молдова), екі премьер-министр (Қазақстан, Тәжікстан), бір вице-премьер (Түрікменстан) мен бір парламент төрағасы (Өзбекстан) келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны