07.12.2009, 18:44 2901

Қытай Халық Республикасының төрағасы "Қазақстан-Қытай" газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына қатысады

Қытай Халық Республикасының төрағасы "Қазақстан-Қытай" газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына қатысады

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қытай Халық Республикасының төрағасы "Қазақстан-Қытай" газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"12 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланып отыр",- деді ресми өкіл.

"Аталмыш сапардың еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілуі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің айкын дәлелі болып отыр. Жоғары деңгейде өтетін кездесу шеңберінде 2009 жылғы екіжақты ынтымақтастық қортындыланып, өзара әрекеттердің жаңа жобалары талқыланатын болады",-деді Е.Ашықбаев.

"Сапар барысында ҚР президенті Н.Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао "Қазақстан-Қытай" газ құбырының бірінші желісін ашу салтанатына және екінші желісінің балқытып біріктіру жұмысының аяқталуына қатысады",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны