14.06.2010, 17:57 6355

Қытай Хоргос-Жетіген теміржолының одан әрі салынуын қаржыландырады

"ҚХР төрағасының өткен аптадағы Қазақстанға сапары барысында елбасы Хоргос-Жетіген құрылысы мен осы жобаға қатысты инфрақұрылымдарды жеделдетуге қаржы бөлу туралы екіжақты келісім шартқа қол жеткізді",- деп хабарлады К. Мәсімов.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қытай Хоргос-Жетіген теміржолының одан әрі салынуын қаржыландыруға және де осы жоба аясындағы тиісті инфрақұрылымдарды құруға өз келісімін берді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"ҚХР төрағасының өткен аптадағы Қазақстанға сапары барысында елбасы Хоргос-Жетіген құрылысы мен осы жобаға қатысты инфрақұрылымдарды жеделдетуге қаржы бөлу туралы екіжақты келісім шартқа қол жеткізді",- деп хабарлады К. Мәсімов.

Осыған байланысты ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ және Талдықорған қаласының әкіміне аталмыш жобаны тез іске асыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны