13.10.2006, 14:45 3100

Қытай Қазақстанмен арадағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қытай Қазақстанмен арадағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықты нығайтудан мүдделі. Бұл туралы елімізде жұмыс сапарымен жүрген Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Цзян Эньчжу бүгін еліміз парламенті сенатының төрағасы Нұртай Ибіқаевпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кездесу барысында Ц. Эньчжу ағымдағы жылдың соңына қарай жоспарланған Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына сапарына өте жоғары мән беретінін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұл шара Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық салада жандана түсуіне септігін тигізеді.

Жүздесу барысында сенат төрағасы қытайлық әріптестерінің сапарын мемлекеттер арасындағы парламентаралық байланыстардың нығаюына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дамуына қосар үлесі мол екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны