30.05.2011, 11:01 3825

Қытай - Орталық Азия газ құбыры арқылы Қытайға ондаған миллиард текше метр газ тасымалданған

Құбыр желісі арқылы күн сайын 40 млн. текше метр табиғи газ айдалады.

Алматы. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Қытай - Орталық Азия газ құбыры арқылы Қытайға ондаған миллиард текше метр газ тасымалданған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына "Орталық Азия-Қытай" газ құбыры арқылы 10 млрд. текше метр "көгілдір отын" жеткізілген.

Құбыр желісі арқылы күн сайын 40 млн. текше метр табиғи газ айдалады.

Қытайлық тараптың мәлімдеуінше, Орталық Азиядан импортталып жатқан газдың сапасы ҚХР Мемлекеттік стандарттарына сай келеді.

Естеріңізге сала кетсек, "Орталық Азия - Қытай" газ құбыры 2009 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Құбыр желісінің жалпы ұзындығы 1800 шақырымды құрайды. "Газ" жобасының өткізу қуаты - жылына 40 млрд. текше метр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны