18.05.2010, 11:05 2296

Қызылордада Арал өңіріндегі су және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтуде

Қызылордада Арал өңіріндегі су және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтуде

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада 17 және 18 мамырда Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың атқарушы дирекциясы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстанның Арал өңіріндегі қазіргі таңдағы су және экологиялық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары" атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз ызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған іс-шараға Польша, Австрия, Испания, Норвегия, Финляндия, Чехия және тағы да бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және тағы да басқа халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны